Шымкент және Сиань қалаларының бауырластық байланысы басталды

0
814

Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылаған болатын.​


Шымкент және Сиань қалаларының бауырластық байланысы басталды

Шымкенттік делегаттар Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іскерлік кездесулер өткізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шілденің 4-7 күндері аралығына жоспарланған жұмыс сапарына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов бастаған делегация құрамында кәсіпкерлік, цифрландыру, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау саласы басшылары мен аудан әкімдері және қалалық маслихат депутаттары мен білім беру және бизнес өкілдері бар.
Іс-сапардың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған «өзара серіктестік орнату» туралы меморандумға сәйкес, тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірбие алмасу.
Шара барысында Шымкент пен Сиань әкімдіктері, қалалық Мәслихат пен Халық құрылтайы өкілдері, Жоғары оқу орындары, жеке және орта бизнес өкілдері арасында екі жақты В2В кездесулері ұйымдастырылып, өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, арнайы озық технологиямен жабдықталған арнайы кәсіпорындарды аралайды.
Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылаған болатын. Кездесуде қалалар арасында мәдениет, туризм, ауылшаруашылығы, құрылыс, жол-көлік салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктері қаралған еді.
Еске сала кетсек, былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 миллион АҚШ долларына жеткен. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуда әлеуеті зор.

Қытай тарапы республикадағы үшінші қаланың осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытқан болатын. Бас консул қыркүйек айында Шымкент делегациясын Сиань қаласында өтетін экономикалық мәселелер талқыланатын ауқымды шараға қатысып, қаланың мүмкіндіктерімен танысуға шақырған еді.