ШЫМКЕНТ: Жарылыста сарбазды денесімен жауып қалған "Халық Қаһарманы" өз арманын айтты

0
1 638

Шымкентте «Қазақстандық жол - жастар көзімен» атты іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің жас мамандары мен тәлімгерлерінің қалалық слеті өтті.


ШЫМКЕНТ: Жарылыста сарбазды денесімен жауып қалған

Оқу-жаттығу жиыны кезінде гранат жарылысынан борышын өтеп жүрген сарбазды денесімен жауып қалған Қайрат Үмбетов бала кезіндегі арманын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Шымкентте «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында «Қазақстандық жол - жастар көзімен» атты іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің жас мамандары мен тәлімгерлерінің қалалық слеті ұйымдастырылды.

Еліміздің ертеңі, өсіп келе жатқан жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке, еліне деген ыстық сезім мен шынайы сүйіспеншілікті ұялату арқылы бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыруына бағытталған шараға қызмет барасында ерлікке барған батырлар келіп қатысты.

Сондай-ақ, аталған іс-шараға құқық қорғау органдары қызмеркерлері мен қаланың жастары келді. Ұйымдастырылған слетке арайы қонақ болып келген Елбасының қолынан «Халық қаһарманы» атағын алған полковник Қайрат Үмбетов келіп, жастармен әңгімелесіп, олардың сауалдарына жауап беріп жатты.

«Менің әкем - ішкі істер министрлігінің қызметкері. Мен сол 10 сыныпты аяқтайтын кезде Алматыдағы академияға түспекші едім, бірақ өмір талаптары өзгерген соң әскери институтқа түсіп, өмірімді әскермен байланыстырдым. Барлық балалардың арманындай мен де ұшқыш болуды, косманавт болуды, әскери адам болуды армандадым», - деді «Халық қаһарманы» атағын алған полковник Қайрат Үмбетов өзіне қойылған сауалдарға жауап берген сәтінде.

"Бүгін іс-шара «Халық қаһарманы» Қайрат Үмбетов келіп қатысып отыр. Бұл іс-шара жастар үшін үлкен мотивация, стимул береді деген ойдамын. Оларға ол кісінің абыройына жету, тұлға ретінде қалыптасуға өз септігін тигізеді, сондай-ақ оң әсер алғанымды айтқым келіп отыр", - деді жас маман Жансерік Жұманов.