Ол жарыс барысында 4-кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдылықпен жеңіске жеткен.
ERNUR.KZ. Жақында ғана Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан Азия чемпионы болып келген №52 мектеп-лицейінің 10 сыныптың екпінді оқушысы Эшмуратов Шахужахон күні кеше Ақтөбе қаласында кикбоксингтен өткен ел біріншілігінде жеңімпаз атанды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетіп, әлемнің 35 мемлекетінен 500-ден астам былғары қолғап шебері қатысқан жарыста шымкенттік тағы бір оқушы алтын алқа иеленген болатын.
Бокстан 75 келі салмақта өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев - Білім басқармасына қарасты № 104 Е. Юсупов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Вьетнам, Өзбекстан, Қырғызстан сайыпқырандарымен бәстескен жас спортшы Үндістан боксшысы Рахул Кундуды 4:1 есебімен ұтқан еді.
Санжарәлі Бегалиев ҚР 2 дүркін және Азия чемпионы осыған дейін Иордания, Әзірбайжанда өткен байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап шыққан болатын.
Шымкенттік жас чемпиондарға алдағы уақытта жеңіске толы күндерді тілейміз.