ШЫМКЕНТ: жастар арасында түрлі мамандармен маңызды кездесу өтті

0
533

Сала мамандары өз бағыттары бойынша жастарға толыққанды ақпарат берді.


ШЫМКЕНТ: жастар арасында түрлі мамандармен маңызды кездесу өтті

Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Орта Азиялық Инновациялық университетінің жастары арасында нашақорлық, маскүнемдік, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мен діни танымдығын арттыру мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуге Әл-Муслим мешітінің имамы «Solih» құран жаттау қайырымдылық мекемесінің директоры Байниязов Серғали, Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат қатысып, Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Бауыржан Карбеков, Психикалық денсаулық орталығының психиатор-наркологы Қорғанбаева Қарлығаш, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Алибаев Ерғали және спортшысы Панкратион спорт түрі бойынша әлем чемпионы Қуаныш Тимур, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева қатысты.
Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат беріліп, дін өкілдері деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, сала мамандары өз бағыттары бойынша жастарға толыққанды ақпараттар беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға, бос уақытын тиімді пайдаланып жан-жақты дамуға шақырды.
Айта кетейік, қаламыздың барлық оқу орындарында насихат жұмыстары мен кездесулер тұрақты түрде өтетін болады.

Ақпарат үшін: адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (АИТВ/ЖИТС) — адамның иммунтапшылық вирусы (АИВ) қоздырған инфекцияның организмге әсерінен дамитын дертті жағдай. Инфекция жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін. Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады (дереккөз - уикипедия).