ШЫМКЕНТ: Жастарға медиация тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
644

Ең алдымен медиация қызметін дәріптеу және психологиялық қолдау бағытында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастары арасында тренинг ұйымдастырылды.


ШЫМКЕНТ: Жастарға медиация тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен медиация тақырыбы бойынша жастар арасында түсіндірме жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ең алдымен медиация қызметін дәріптеу және психологиялық қолдау бағытында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастары арасында тренинг ұйымдастырылды.

Медиация – бұл адам құқығына, бостандығына құрметті арттыруға, өркениетті азаматтық және тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға, конструктивтік сұхбат жолымен әлеуметтік, өзге де келіспеушіліктерді, жанжалдар мен дауларды шешуге бағытталған институт.
Түсіндірме жұмыстарына «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ақшегірова Лаура Мұратқызы және «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директор орынбасары Абдукаримова Салтанат Егізбекқызы қатысып, жастарға «Медиация»ұғымы мен қызметін кеңінен дәріптеді.
Шын мәнінде, медиация – бұл «Не істеу керек?», басты мәселе «Кім кінәлі?» деген сауалдарға жауап алу. Медиацияның дауларды шешудің басқа тәсілдерінен негізгі айырмашылығы ол тараптардың әрқайсысын ұйымдастыратын және олар үшін бірдей тиімді болатын жанжалдың шешімін табуға көмектеседі, – деді Лаура Мұратқызы.
Айта кетейік, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №46 мектеп-лицейі жастары арасында «Құқықбұзушылықтың және тәуелділіктің алдын алу» бойынша семинар-тренинг өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында күйзеліс, жағымсыз әрекеттердің әдетке айналуымен мінез-құлықтың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Семинар-тренинг барысында жастарға ең алдымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Күн шықты», «Қызыл лента» секілді түрлі психологиялық ойындар ойнатылды. Сондай-ақ семинар соңында жастар арасында топтық әңгіме өрбіп, сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды.