Шымкент жастары этномузейге саяхаттады

0
1 026

Оқушылар «Қылует» этномузейінің авторы, Қазақстан Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі, этнограф – Кендебай Қарабдаловпен кездесті.


Шымкент жастары этномузейге саяхаттады

Шымкент қаласы Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Қылует» этномузейіне саяхат ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялар музейі» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған саяхатта оқушылар «Қылует» этномузейінің авторы, Қазақстан Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі, этнограф – Кендебай Қарабдаловпен кездесті.
Қылуеттің ішіндегі алғашқы бөлме – «Қыш кітаптар бөлмесі», екіншісі – «Махаббат бөлмесі, одан кейінгі бөлме – мешіт, келген адамдар бұл жерде отырып құран оқиды. «Аспан мен жердің арасы» деп аталатын ең соңғы бөлмеде төбедегі арнайы тесіктен жарық түсіп, температура күні-түні 25 градус болып тұрады. Этномузейдің басқа бөлігі ежелгі ортағасырлық әдіспен салынған.
Қазақстандағы қолданбалы археологияның негізін қалаушы, көне Отырардың құмырашылық кәсібінің технологиясы мен дәстүрін қалпына келтірумен айналысатын Кендебай ағаның өнеріне жас оқырмандар тәнті болып, керемет әсер алғандарын жеткізді.