ШЫМКЕНТ: жер асты өткелдерінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр

0
309

Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.


ШЫМКЕНТ: жер асты өткелдерінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков “Алаш”, “Бекжан” базарлары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Темірлан тас жолы және А-2 автожолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің техникалық-экономикалық көрсеткішіне тоқталсақ, тоннель ұзындығы 46,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстарының орындалуы 80 пайызды құрап отыр. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
“Бекжан” базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша тоннель ұзындығы — 24 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метр құрайды. Жұмыстар 45 пайыз орындалған, осы жылы халық игілігіне беріледі.
Қала әкімі жуаптыларға өткелдер құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.