Шымкент журналистері министрлік өкілімен кездесті

0
2 027

Кездесуге жиналғандар министрлік өкіліне журналистердің мемлекеттік органдардан ақпарат алудағы кедергілерін жою, БАҚ-ына арналған мемлекеттік тапсырыстың өткізілу тәсілін өзгерту туралы ұсыныстарын айтты.


Шымкент журналистері  министрлік өкілімен кездесті

Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау бойынша республикалық ақпараттық-насихаттық топппен кездесу шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алқалы жиынға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Қазақстанның Құрметті журналисі Байділдә Қонысбек, Журналистер Одағының облыстық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова, Шымшаһардағы бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, бас редакторлар, тілшілер қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысқан журналшылар Елбасы Жолдауын насихаттаудағы БАҚ-тың негізгі міндеттері мен насихат форматына тоқталып өтті.

Өз кезегінде ардагер журналист Байділдә Қонысбек Жолдаудағы «Жастар жылы» бағытына тоқталып, қалам ұстаған қауымды жастардың бойындағы Отанға, ұлтқа деген құрметты оятуға шақырды. Өз кезегінде Ақпарат комитетінің төрағасы журналистердің өз құқықтарын жетік біліп, ақпарат алудағы кедергілерді заңдық сауаттылық арқылы жеңуді айтып өтті.

Екі сағатқа созылған ашық пікірлесуде «Шымкент келбеті» газетінің жауапты хатшысы Асхан Майлыбаева, ERNUR.KZ ақпараттық порталының шеф редакторы Нұршат Төкен, «Оңтүстік рабат» газетінің бас редакторы Жәнібек Нұрыш және тағы басқа БАҚ өкілдері өз ойларын ортаға салды.

Кездесуге жиналғандар министрлік өкіліне журналистердің мемлекеттік органдардан ақпарат алудағы кедергілерін жою, БАҚ-ына арналған мемлекеттік тапсырыстың өткізілу тәсілін өзгерту туралы ұсыныстарын айтты.

Аталған министрлік өкілі өзекті сұрақтарға жауап беріп, бірқатарын ведомствода талқыға салатынын тілге тиек етті.