«Shymkentcity» шағынауданындағы тұрғын үйлердің сапасы талқыланды

0
395

​​Көп қабатты тұрын үйлердегі орын алған техникалық ахуалдар зерделеніп, акт түзілді.


«Shymkentcity» шағынауданындағы тұрғын үйлердің сапасы талқыланды

«Shymkentcity» тұрғын үйінің сапасы жөніндегі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Shymkentcity» шағынауданындағы көп қабатты №1-21 тұрғын үйдің сапасы жөнінде тұрғындар өз өтініштерін қалдырған болатын.
Аталған мәселені шешу мақсатында Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұловтың ұйымдастыруымен құзырлы мекемелермен бірлесе арнайы жұмысшы топ құрылып, көп қабатты тұрын үйлердегі орын алған техникалық ахуалдар зерделеніп, акт түзілді. Түзілген акт Шымкент қаласы құрылыс басқармасына және көп қабатты үйлер құрылысына жауапты мердігер мекелерге (ахау актісі) реттеуге жолданған болатын.
Нәтижесінде Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов, қалалық құрылыс басқармасы басшысы Ә.Рабаевпен бірге жұмысшы топтың жұмыс барысымен зерделеу мақсатында шағынаудан тұрғындарымен және мердігер мекемелермен кезекті кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындармен талқыланған өзекті мәселелердің шешімін табу бойынша мердігер мекемелерге тапсырмалар берілді.
Еске сала кетейік, «Shymkentcity» шағынауданының жалпы алаңы 24,5 га құрайды.