​Шымкентке ДДСҰ Қазақстандағы елдік офисінің басшысы келді

0
98

Бұл қадам – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған саясаттың жалғасы.


​Шымкентке ДДСҰ Қазақстандағы елдік офисінің басшысы келді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыламен кездесті.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы халықаралық сарапшылармен ынтымақтастықты нығайту және өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ өткен жылы ДДСҰ-ның «Салауатты қалалар» Еуропалық желісіне Шымкент қаласының қосылу процесі ресми түрде басталғанын атап өттім.
Бұл қадам – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған саясаттың жалғасы. Сонымен қатар бірқатар Еуропа елдері қатысатын ДДСҰ форумын өткізу және бұқаралық спортты дамыту мақсатында марафон ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.
Кездесу соңында қала басшысы «Шымкенттің денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін жаһандық және үздік тәжірибелерді қолдануға мүдделі екенін» жеткізді. ДДСҰ-мен ынтымақтастық және «Салауатты қалалар» халықаралық қозғалысына қосылу – Шымкентті тұрақты, қауіпсіз әрі тұрғындар үшін жайлы өмір сүру кеңістігі ретінде дамытуға тың серпін бермек.
Бөлісу