Шымкентке ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев келді

0
1 419

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев шымкенттіктермен кездесті.


Шымкентке ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев келді

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша бүгін Премьер - Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев және білім және ғылым министрі А.Айтмағанбетов Шымкент қаласына келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақпараттық топ қаладағы №65 мектеп -гимназиясына ат басын бұрып, Жолдауда айтылып өткен, білім сапасын жақсарту жолында қабылданатын заңдар мен әлеуметтік ынталандыру бойынша жаңалықтар жөнінде пікір алмасты.

"Мемлекет басшысы Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырған болатын. Осы ретте келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысын 25 пайызға өсіру көзделуде", - деді білім және ғылым министрі А.Айтмағанбетов.

Сонымен қатар, білім министрі мектепке магистрлік білімі бар мамандарды тарту қажеттігі туралы айтып өтті.

"Ұстаздардың білім сапасына да мән беруіміз қажет. Сондықтан да жоғары білімнен кейінгі магистрлік білімі бар ұстаздардың жалақысына қосымша ынталантыру мақсатында 17 пайыз үстемақы төленетін болады", - деді білім министрі.