Шымкентке мәжіліс депутаттары іссапармен келді

0
539

“Жұлдыз” индустриялды аймағында барды.


Шымкентке мәжіліс депутаттары іссапармен келді

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Халық қалаулылары жаңадан салынып жатқан «Жұлдыз» индустриялды аймағында болып, жұмыс барысымен танысты. Аумағы 306 гектарды құрайтын бұл аймаққа қазір мемлекеттік бюджеттің есебінен 6,5 миллиард теңгеге инфрақұрылым және инжинерлік-коммуникациялық желілер тартылып жатыр. Қазірдің өзінде 10 компания осы аймақта өз кәсіпорындарын ашуға кіріскен. Болашағы 230 миллиард теңге инвестиция тарта отырып, 50-ден астам зауыт-фабрика ашу жоспарланған. Индустриалды аймақ толық қуатымен жұмыс істей бастаған кезде мұнда 5 мың адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.
Қаңтардағы оқиғалардың негізгі себебі – жұмыссыздық, кедейлік пен болашаққа деген сенімнің болмауы. Жастардың ертеңгі күннен үміті бар болса, лаңкестік ұйымдардың арандатуына еріп, жаппай бұзақылыққа бармас еді. Сол себепті тездетіп өндірісті дамытып, жастарға тұрақты жұмыс орындарын ұсынуымыз керек. Өңірлерде осы жұмыстың қалай жүріп жатқанын, тауар өндірушілер қандай проблемалармен бетпе бет келіп отырғанын білу мақсатында келдік, – деді Азат Перуашев.
Мұнан кейін депутаттар «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында да болып, «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС-інің метилтретбутил эфирін өндіретін зауытының жұмысымен де танысты.