Құрықталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейін.
ERNUR.KZ. Шымкентте маргиналды жастардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды.
Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кешенді іс-шаралардың нәтижесінде аймақтағы жедел жағдайға теріс әсер ететін он адамнан тұратын топты ұстады. Олар қару пайдаланып, бұзақылық және бопсалаумен айналысқан.
Қылмыстық құқық бұзушылық жайттары бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.