Шымкентте 10 мыңнан астам тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды

0
1 842

Оның ішінде 9802 адам тұрақты жұмысқа орналасты.


Шымкентте 10 мыңнан астам тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды

Биыл Шымкентте 32 857 азамат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. Бұл шара аясында 20 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 9802 адам тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының мәліметінше, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы бойынша 8,5 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасқан.

Биыл қысқа мерзімді оқу курстарында 2000-ға жуық азамат қатысып, түрлі мамандықтар бойынша білім алды. Олардың тең жартысы жұмысқа орналасты.