Бұл туралы “Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының басшысы Айжан Кесебаева мәлімдеді.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
“Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалы апта сайын азаматтарды жеке қабылдау жүргізіп, әр азаматтың мәселесін зерделеп, заңгерлік кеңес беруді жүзеге асырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы “Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының басшысы Айжан Кесебаева мәлімдеді.
“Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің негізгі басым бағыттарының бірі - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқығын қорғау. Бірлестіктің Шымкент қаласындағы филиалы аталған мақсатты жүзеге асыру барысында апта сайын азаматтарды жеке қабылдау жүргізіп, әр азаматтың мәселесін зерделеп, заңгерлік кеңес беруді жүзеге асырады.
Қабылдауға келген азаматтар тек заңгерлік кеңес алып қана қоймай, сонымен қатар қажет болған жағдайда кешенді заңгер қызметін алуда. Және ең бастысы осы қызметтің барлығы тегін жүзеге асырылуда.
Қабылдауға келген азаматтар тек заңгерлік кеңес алып қана қоймай, сонымен қатар қажет болған жағдайда кешенді заңгер қызметін алуда. Және ең бастысы осы қызметтің барлығы тегін жүзеге асырылуда.
"Мысалы ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында біздің филиал 60 мәселе бойынша 100-ден астам азаматты қабылдап, заңгерлік көмек көрсетті. Азаматтардың басым көпшілігі тиісті мемлекеттік органдарға және сотқа жүгінуге тиісті өтініштер мен талап-арызды жазуға көмек сұрап келеді. Бұндай жағдайда заң жүзінде тиісті құжаттарын дайындап, ЭЦҚ кілт алып, оны тиісті органдарға жіберуге көмек көрсетеміз. Есептік кезеңде 10-нан астам азаматқа сот арқылы алимент өндіруге сот бұйрығын шығарып берсек, 23 адамның өтінішін жазып, тиісті органдарға жіберуге және олар бойынша оң жауап алуға бақылау жасадық", - деді Айжан Кесебаева.
Айта кетейік, қаламыздың кез-келген азаматы аптаның әр бейсенбісінде Бәйдібек би көшесі, 45 мекен-жайы бойынша тегін заңгерлік кеңес пен қызмет ала алады.