Шымкентте 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген азаматтар сотталды

0
611

Сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне қайтарылды.


Шымкентте 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген азаматтар сотталды

Шымкент қаласында 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген азаматтар сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментімен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын жалған шот-фактура жазумен айналысқан азаматтар М.А.Ажибаевқа, А.О.Акыновқа және А.Ақынға қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданған.

Сот үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркіленумен кәсіпкерлік және қаржылық қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне қайтарылды.