Шымкентте 16 мыңнан астам азамат шипажайға жолдама алды

0
2 032

Жолдама 11 516 зейнет жасындағы ардагерлерге, 4 994 жолдама мүгедек жандарға берілді.


Шымкентте 16 мыңнан астам азамат шипажайға жолдама алды

Шымкентте биыл 16 мыңнан астам азамат еліміздің түрлі шипажайларында емделді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шілде айынан бастап үлестірілген жолдама 11 516 зейнет жасындағы азаматтарға, 4 994 жолдама мүгедек жандарға берілді.

Шипажайларға ем-дом алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтінім қалдыру керек. Жолдама кезек бойынша таратылады.
Естеріңізге салайық, мүгедек азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы жабдықталған 18 «Инвотакси» көлігі ақысыз қызмет көрсетіп келеді. Осы жылы зағип жандарды тасымалдауға 451 өтінім келіп түскен. Ал Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен І-ІІ топтағы мүгедектерді емдеу мекемелеріне жеткізу үшін 43 «Әлеуметтік такси» қарастырылған. Биыл бұл қызметке 400-ден астам азамат жүгінген.