Оның 150 шақырымы термопластиктен болса, қалған 65 шақырымы акрильді краскадан сызылды.
Шымкент қаласында 215 шақырым жол таңбасы сызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында асфальт жолдың ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері сол жолға көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды. Оның 150 шақырымы термопластиктен болса, қалған 65 шақырымы акрильді краскадан сызылды.
Жол таңбалары Т.Рысқұлов (А.Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін), Желтоқсан (Д.Қонаев даңғылынан Темірлан тас жолына дейін), Тәуке хан (Сайрам көшесінен Д.Қонаев даңғылына дейін) және өзге де қала көшелеріне сызылды.
Одан бөлек, жаңа оқу жылының алдында оқушылар қауіпсіздігі үшін 15 тамыздан бастап 100-ден аса мектептің жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қаладағы жол-көлік оқиғалары азайып, жолда жүру мәдениеті қалыптаспақ.