Жаңа жобалар аясында 1000-нан аса жұмыс орны құрылды.
Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-шара аясында және өндірісті дамыту үшін былтыр 37,7 млрд. теңгеге 22 жоба іске асырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл 22 жоба аясында 1000-нан аса жұмыс орны құрылды.
Өндіріс қуатын арттыруға өз үлесін тигізді. Карантинге байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің қатынау кестелері шектеліп, жолаушылар айналымы өткен жылдың осы кезеңінен 37,2% төмендеді. Дегенмен, шектеулерге қарамай жүк айналымы тоқтаған жоқ, яғни 98,4% болып отыр. Ал байланыс қызметі 97,1%-ға жетті.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар 11 азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу үшін тұрақтандыру қорынан 2,2 млрд. теңге қаралған.