Шымкентте 24 мыңнан астам бала 1 сыныпқа барды

0
1 484

​Шымкент қаласында 1 қыркүйек күні 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді


Шымкентте 24 мыңнан астам бала 1 сыныпқа барды

Білім күні Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Абай ауданына қарасты «Қызылжар» мөлтек ауданында жаңадан пайдалануға берілген 900 орындық жалпы орта мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, Білім күнімен барша ұстаздар мен шәкірттерді құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Заман талабына сай жабдықталып, балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасайтын оқу орны 3 қабаттан тұрады.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында 1-10 сынып оқушылары білім берудің жаңартылған бағдарламасы бойынша дәріс алады.

Шымкент қаласы биылғы 2019-2020 оқу жылын 253 мемлекеттік, 17 жекеменшік білім беру ұйымдарындағы 190 мыңға жуық білім алушылармен бастамақ. Олардың 24 мыңнан астамы бірінші сыныпқа барады. Ал, шәкірттерге 25 мыңнан астам мұғалім білім береді.
Сонымен қатар, қала әкімі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің барлық факультеттердің І курс студенттеріне арналған жаңа оқу жылының мерекелік іс-шарасына қатысты. Салтанатты шарада Ерлан Қуанышұлы университет студенттеріне сәттілік тілеп, аталмыш оқу орнының тыныс-тіршілігіне белсенді араласқан бірқатар азаматтарға алғыс хат тапсырды.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі