Шымкентте 25 жастағы жігіт әкесінің досын арақ үшін өлтірген

0
2 003

Сотталушы азамат болған оқиғаны баяндап берді.


Шымкентте 25 жастағы жігіт әкесінің досын арақ үшін өлтірген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 25 жастағы «бомж» жігіт қарияны зейнетақысы үшін ұрып-соғып мерт еткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сот отырысында 10 жасында әкесінен айырылған сотталушы О. болған оқиғаны баяндап берді. О. мен анасы әкесінің өлімінен соң қаладағы пәтерін сатып «Қайнарбұлақ» елдімекенінен баспана алған және бес жыл бұрын анасы да өмірден өткен. Анасының өлімінен кейін араққа үйір болған жігіт ақырында баспанасын да ішімдікке айырбастап жіберіп, бұрынғы Шымкенттегі үйлерінің жертөлесін мекен еткен. Сондай-ақ, ата-анасының көзкөрген таныстары мен бұрынғы көршілері жігітке тамақ, керек-жарағын да беріп тұрған көрінеді. Сонымен қатар, әкесінің ескі досы екеуі аулада немесе гараждар арасында кейде алкогольді ішімдік ішетін болған.

Қылмыс болған күні де О. әкесінің ескі досымен арақ ішіп отырып, қарияның енді ғана зейнетақы алғанын білген соң ішімдік таусылған кезде тағы ішкісі келетінін айтып, алып беруін талап еткен. Содан кейін, өз сөзіне келісе қоймаған оған ашуланған жігіт аяусыз ұрып-соғып, қарт кісінің қалтасындағы зейнетақыны алып ары қарай ішімдік іздеп кетіп қалған. Ал, сот медициналық сараптаманың нәтижесінде қарияның ішкі жарақаттар салдарынан қайтыс болғаны дәлелденді.

Енді, сот шешімі бойынша марқұм әкесінің замандасын зейнетақысы үшін өлтірген 25-тегі жігіт 8 жылға сотталды. Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.