Қалада 13 286 оқушы 11 сыныпты бітірді.
Бүгін Шымкенттегі барлық мектептерле бітіруші түлектерге «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шараның құрметті қонағы ретінде ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері, 10, 20 жылдық мектеп түлектері, ардагер ұстаздар және мектеп мұғалімдері мен 11 сынып оқушылары қатысты.
Жалпы биыл Шымкент қаласында білім басқармасына қарасты 272 мектеп оқу жылын қорытындылады. Қалада 13 286 оқушы 11 сыныпты бітірді. Оның 463-і “Алтын белгіге”, 641-і үздік аттестатқа үміткер. Ал, 9 сыныпты 21 777 оқушы тәмәмдаса, оның 1158-і үздік аттестатқа үміткер болып отыр.
Айта кетейік, соңғы қоңырау іс-шарасы кезінде түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары, мектептерде қатаң тәртіпте полиция және педагогтар тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылды.