Шымкентте 3 аудан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

0
676

Абай ауданы бойынша 17 нысан (9,1 шақырым), құрылысы толық орындалды


Шымкентте 3 аудан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов 2021 жылдың 9 айында атқарылған жүмыстар бойынша есеп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылы қалада жалпы 180 нысан немесе 310,3 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған.
Қалада 3 аудан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Абай ауданы бойынша 17 нысан (9,1 шақырым), Еңбекші ауданы бойынша 17 нысан (6,0 шақырым), Қаратау ауданы бойынша 20 нысанның (15,4 шақырым) құрылысы толық орындалды. Қаратау ауданында 3 көшеде кәріз жүйесі жүргізілуіне байланысты қазіргі таңда асфальт салу жұмыстары атқарылуда.
Сондай-ақ, бүгінде 21,9 шақырым магистралды көшелерде, 180,4 шақырым 151 ішкі орам көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Республика даңғылы, Рысқұлов, Иляев, Момышұлы. Тәшенов, Ақназар хан, Клара Цеткин көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары қарқын алған.