Шымкентте 30 адамнан коронавирус анықталды

0
366

Төсек орын толымдығы 25%-ды құрайды.


Шымкентте 30 адамнан коронавирус анықталды

Шымкентте КВИ-дің 30 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 14, белгілері жоқ – 16), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 13 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 17 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 25%-ды құрайды, 664 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 219 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 135 төсек орын бар, 26 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 413 адам вакцина алды (I компонент- 191, II компонент- 222). Егу науқаны басталғалы барлығы 597 167 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 583 347 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 45 753 адам, II компонентін 20 368 адам қабылдады. 109 475 адам ревакцинацияланды.