Шымкентте 300-ден аса нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді

0
415

Оның ішінде 23 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.


Шымкентте 300-ден аса нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласының аудан аумақтарында карантиндік талаптардың сақталуына мониторинг жұмыстары тұрақты атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданы бойынша мобильдік топ мониторинг барысында «Олжа» және «Екі шал» дәмханаларында туған күн іс-шарасының өтіп жатқанын анықтады. Рейд нәтижесінде іс-шара тоқтатылды.
Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің 13 шілдедегі №21 қаулысын орындау мақсатында мобильдік топ мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Айта кетсек, өткен тәулікте Шымкент қаласында 303 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 23 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.