Шымкентте 4 ай бұрын жоғалған 12 жастағы бала табылды

0
1 455

Басқалар танымасын деп көзілдірік кигізіп қойған...


Шымкентте 4 ай бұрын жоғалған 12 жастағы бала табылды

ERNUR.KZ. Шымкентте 4 ай бұрын жоғалған 12 жастағы бала табылды. Бұл туралы қаладағы мейірімділер клубы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бала аман-есен табылды. Алматыға бір әйел алып кеткен екен. Қараңыздаршы, бояп тастапты. Басқалар танымасын деп көзілдірік кигізіп қойған... Жаратқанға шүкірлік, қазір оның жағдайы жақсы. Шымкентке жеткізілді» делінген хабарламада.

Қалалық Полиция департаменті баланың табылғанын растады. Бірақ әзірге оқиғаның қалай болғаны жөнінде айтылмайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде 2006 жылы туған Руслан Нортураевтың жоғалып кеткені жөнінде хабар тараған болатын. Онда баланың ағымдағы жылдың 22 шілдесінде хабар-ошарсыз кеткені айтылған.