Шымкентте 5-қабаттан секіріп кеткен мектеп оқушысы жансақтау бөлімінде көз жұмды

0
559

Дәрігерлер жасөспірімге реанимациялық көмектің барлық түрі көрсетілгенін айтты


Шымкентте 5-қабаттан секіріп кеткен мектеп оқушысы жансақтау бөлімінде көз жұмды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 5-қабаттан секіріп кеткен мектеп оқушысы жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Дәрігерлер жасөспірімге реанимациялық көмектің барлық түрі көрсетілгенін айтты. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмапты.

Қалалық денсаулық басқармасындағылардың айтуынша, жасөспірім ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген,

"2005 жылы дүниеге елген жасөспірімде бас миының ауыр жарақаты, мидың ісінуі, ішкі құрыстарының жарақаты, ауыр дәрежедегі травматикалық шок болған. Науқасты нейрохирург, хирург, травматолог, реаниматолог дәрігерлері қарап, консилиум жүргізді. Барлық реанимациялық көмек көрсетілді. Өкінішке орай жасөсіпірім бүгін қайтыс болды", - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызы.

Осыған дейін 16 жасар оқушының 5-қабаттан құлап кеткені туралы жазған болатынбыз.