​Шымкентте 52 көшеге жол таңбасы сызылды

0
717

Көлік көп жүретін көшелерде кептеліс болдырмау және жолдың өткізу қабілетін жақсарту үшін қиылыстарда «реверсивті» қозғалыстар ұйымдастырылды.


​Шымкентте 52 көшеге жол таңбасы сызылды

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелеріне жол таңбалары сызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылуда.

Қалада 12 көшеге екі компонентті суық пластиктен 86,09 шақырымдықжол таңбасы және 40 көшеге акрилді краскамен 256,35 шақырымдық жол таңбасы сызылды. Жаяу жүргіншілер, шу және вело жолақтар, жол қозғалысын бөлу, бағыттау және тоқтау сызықтары сызылған.

Көлік көп жүретін көшелерде кептеліс болдырмау және жолдың өткізу қабілетін жақсарту үшін қиылыстарда «реверсивті» қозғалыстар ұйымдастырылды.