Шымкентте 600-ге жуық нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді

0
645

Карантин талаптарын бұзған 4 нысанға әкімшілік хаттама толтырылды.


Шымкентте 600-ге жуық нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі №22 қаулысына сәйкес, Абай аудандық карантиндік шектеу шараларын сақтау бойынша құрылған мониторингтік топ аудан аумағында өз жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қоғамдық көліктерге мониторинг жүргізу барысында мобильдік топтың жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Е.Занкоев, тұрғындарға маска таратып, карантин талаптарын қатаң сақтауды ескертті.
Айта кетейік Мобильдік топтың жұмысы демалыс күндері жандандырылып, өткен сенбі және жексенбі 567 кәсіпкерлік нысан араланып, карантин талаптарын бұзған 4 нысанға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ мобильдік топ күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізетін болады.