Шымкентте 64 жастағы азамат коронавирустан көз жұмды

0
666

Ол 2-маусым күні, сағат 08:00-де науқас қайтыс болды.


Шымкентте 64 жастағы азамат коронавирустан көз жұмды

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

64 жастағы азамат 26 мамыр күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 оң нәтиже берген.

Науқастың қосалқы ауруы: ІІІ-дәрежелі артериалды гипертензия. Жоғары тәуекел тобына жататын. Науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, күнделікті республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 2-маусым күні, сағат 08:00-де науқас қайтыс болды. Науқаспен қарым-қатынаста болған отбасы мүшелерінен коронавирус инфекциясы анықталып, емдеу шаралары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін мегаполисте аталмыш індетті жұқтырғандар саны 906-ға жеткен. Оның 372-сі жазылып шықса, 9 науқас көз жұмды.