«Магнум», «Грамад», «Фиркан» сауда үйлері мен «Жібек жолы», «Алаш», «Айна», «Орталық қырғы базар» және «Қапланбек» базарларынан алуға болады.
Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарлары сатылатын 8 нүкте белгіленген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлімдеді.
– Шымкентте бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қаланың 8 жерінен жылжымалы әлеуметтік орын ұйымдастырылды. Сонымен қатар қала әкімдігіне қарасты төрт аудан апта сайын азық-түлік жәрмеңкесін өткізіп келеді. Одан бөлек, мегаполисте жыл басынан бері тәулігіне 90 мың дана нан түрін, оның ішінде 65 мың дана әлеуметтік нан (бөлке) өндіретін наубайхана ашылды. Бұл наубайхана бүгінде 100 адамды жұмыспен қамтып отыр, – деді Асқар Сәкенұлы.