Шымкентте 90 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
528

Қазіргі уақытта Тассай, Бадам, Жұлдыз, Оңтүстік, Еламан, Ақтас және 276 орам аймағында тас төсеу жұмыстары атқарылуда.


Шымкентте 90 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында 90 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала аумағындағы ішкі орам және шалғай елдімекендердегі көшелерге жүргізілген зерделеу нәтижесіне сәйкес, биыл 277 көше, яғни 147,6 шақырым топырақ жолдарға тас төсеу жұмыстары 100 пайыз орындалды.
Талдау жұмыстары барысында тағы 90 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу қажеттілігі туындады. Қазіргі уақытта Қаратау, Еңбекші аудандарындағы 53 шақырым жолды «Базис К» ЖШС, ал Абай, Әл-Фараби аудандарында 37 шақырым жолды «Ақ Орда» ЖШС мердігерлігімен шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Қала бойынша Жаңаталап, Игілік, Нұршуақ, Агрофирма Қарасу, Достық-2, Қайнарбұлақ, Нұртас, Асар-1,2 елдімекендерінде жұмыстар толық аяқталған. Қазіргі уақытта Тассай, Бадам, Жұлдыз, Оңтүстік, Еламан, Ақтас және 276 орам аймағында тас төсеу жұмыстары атқарылуда.