Шымкентте абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
869

Қазіргі таңда Қаратау ауданы аумағындағы «Өтеміс» тұрғын алабындағы абаттандыру жұмыстары жалғасуда.


Шымкентте абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында қала әкімінің шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағындағы «Өтеміс» тұрғын алабындағы абаттандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтсақ, «Өтеміс» тұрғын алабындағы Жастар көшесін абаттандыру мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын "Назар" ЖШС жүргізуде. Сондай-ақ, бүгінге күнге дейін 94 аула абаттандырылса, ағымдағы жылы жобамен 15-ке жуық ауланы абаттандыру жұмыстары қолға алынатын болады.
Тұрғын алабындағы қолға алынған жұмыстарға аудан әкімі аппараты тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аудандық инфрақұрылым және көріктендіру бөлімі тарапынан абаттандыру жұмыстарына жауапты мекемеге құрылыс жұмыстарының талапқа сай әрі сапалы жүргізілуі қажеттігі ескертілді.