Шымкентте алаяқтарға сенген зейнеткер 37 млн теңгесінен айырылды

0
621

Қылмыскерді құрықтау мақсатында Ақтөбе және Алматы қаласының полицейлеріне жеке тапсырма берілді.


Шымкентте алаяқтарға сенген зейнеткер 37 млн теңгесінен айырылды

Шымкентте алаяқтар зейнеткерді 37 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алаяқтық фактісі туралы Шымкент ҚПД Тергеу басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында, бейтаныс нөмірмен қоңырау шалған адам өзін ҰҚК-нің қызметкері ретінде таныстырғанын көрсетті . Сондай -ақ, күдікті қарияның есепшотына белгісіз тұлғалар киббер шабуыл жасап жатқандығын, 20 миллион теңге ақша салып, қайта шешіп алатынын және пәтерін сатып жіберуі мүмкін екенін айтып сендірген.
"Өз кезегінде ер адамға екінші деңгейлі банктердің бірінен қосымша шот ашып, сол шотқа барлық ақшаны аударуын сұрап, алаяқты құрықтауға уәде еткен. Күдіктінің сөзіне сенген зейнеткер, тез арада пәтерін сатып, жалпы сомасы 37 миллион теңге қаражатын алаяқтар айтқан қосымша есепшоттарға аударған", - делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы «Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық» бойынша тіркеді.
Қазіргі таңда, аталған қылмыстық іс бойынша Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел топ құрылып, күдіктіні іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, қылмыскерді құрықтау мақсатында Ақтөбе және Алматы қаласының полицейлеріне жеке тапсырма берілді.