Шымкентте әлем деңгейінде тәжірибесі бар бағдарламалау мектептері ашылады

0
652

2025 жылға дейін 2 кәсіби бағдарламалау мектептері ашылады.


Шымкентте әлем деңгейінде тәжірибесі бар бағдарламалау мектептері ашылады
Шымкент қаласында 2025 жылға дейін әлем деңгейінде тәжірибесі бар 2 кәсіби бағдарламалау мектептері ашылады, дер хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы аясында Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы тарапынан бірқатар жоспарлар түзілді.
- Білім басқармасымен бірлесіп мемлекеттік мектептерде IT саласына қатысты пәндерге ерекше назар аударылып, оқу сағаттарын көбейту қарастырылады;
- Жеке мектептерде жаңа «Ақпараттық технологиялар» пәнін ашып, білікті мамандарды мектеп кезінен бастап даярлау қолға алынады;
- IT-мамандықтар бойынша бағдарламаларды өзгертуге дайындық жүргізілуде;
- IT кәсіпкерлерге мемлекеттің қолдауымен венчурлық қорлар ашылады.
Жыл соңына дейін Шымкент қаласы әкімдігіне тиесілі мемлекеттік қызметтердің бизнес процестері 100 пайыз автоматтандырылып, «EgovMobile» қосымшасына кезең-кезеңімен енгізіледі.
Шымкент қаласының аумағы 2025 жылға дейін талшықтық-оптикалық байланыс желісімен қамтылып, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және көршілес Өзбекстан, Тәжікстан Республикасын сүйемелдеуге қуаттылығы жететін аймақаралық Data Center құрылады.
Сонымен қатар, 2025 жылға дейін әлем деңгейінде тәжірибесі бар 2 кәсіби бағдарламалау мектептері ашылады.