Шымкентте әлеуметтік маңызды азық-түліктің шекті бағасы бекітілді

0
1 043

Жұмыртқа – 392 теңге (10 дана), ал күнбағыс майының литрі 605 теңгеден сатылады.


Шымкентте әлеуметтік маңызды азық-түліктің шекті бағасы бекітілді

Үшінші мегаполисте бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгінгі өткен брифинг барысында Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлімдеді.

Оның берген мәліметінше, қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасы 15 пайыздан асқан жағдайлар тіркелген.

– Қалада ІI тоқсанға белгіленген шекті бағамен салыстырғанда үш тауардың бағасы 15 пайыздан жоғарыны көрсетті. Олар – қырыққабат, 1-санатты жұмыртқа және күнбағыс майы. Аталған тауарлардың бағасы өндірушінің өзіндік құнының артуы мен өндірісте пайдаланатын шикізат бағасының өсуіне байланысты қымбаттаған. Бұл ретте бөлшек сауда бағасының шекті рұқсат етілген мөлшері белгіленіп, қаулы жобасы әзірленді. Нәтижесінде 1-санатты жұмыртқа – 392 теңге (10 дана), ал күнбағыс майының литрі 605 теңге болып бекітілді. Бұл қаулы бойынша мемлекеттік тіркеу шаралары жүргізіліп отыр, – деді ол.
Айта кетейік, қалада жылжымалы әлеуметтік нүктелер «Алаш», «Жаңа шахар», «Айна», «Қапланбек» базарлары мен А.Байтұрсынов көшесі №73, 11 шағын ауданы, Ш.Уәлиханов көшесі, Алпамыс батыр атындағы №40 гимназияға қарсы беті, Т.Рысқұлов көшесі, №18 үй «Farmline» әлеуметтік дәріханасына қарама-қарсы беті және Ж.Шаяхметов көшесі, №4 үйдің қарсы бетінде орналасқан.