Шымкентте алғаш рет “Мобильді арбат” шарасы өтті

0
1 016

Шараға 30-дан астам туристік кластердің өкілдері, қолөнершілер мен ауылшаруашылық өнімдерінің кәсіпкерлері қатысты.


Шымкентте алғаш рет “Мобильді арбат” шарасы өтті

Бүгін Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының “Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет “Мобильді арбат” шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жергілікті шеберлердің жұмысын насихаттай отырып, туристік өнімдерді жарнамалау мақсатында ұйымдастырылған шараға 30-дан астам туристік кластердің өкілдері, қолөнершілер мен ауылшаруашылық өнімдерінің кәсіпкерлері қатысты. Сондай-ақ, саз-балшықтан құмыра жасаудан шеберлік сабағы да өтті. Одан өзге, келушілер назарына музыкалық бағдарлама мен «Цирк» қойылымдары ұсынылды.
Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров қатысушылардың өнімдерін көріп, аталған шараны маусым сайын өткізуге ниетті екенін жеткізді. Кәсіпкерлер де адам көп шоғырланатын орындарда мұндай жәрмеңке өткізу арқылы бір күндік табыс көлемі артатынын айтты.
Жалпы, қолөнершілердің ұлттық нақышта жасаған өнімдеріне шетелдік туристер тарапынан сұраныс жоғары. «Мобильді Арбат» іс-шарасының туристік науқанда қалаға саяхатшыларды тартуға ықпалы мол. Маусым сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланған.