​Шымкентте аптаның 6 күнінде тегін сауда жасайтын дүкен ашылды

0
3 315

Мұқтаж жандар аптаның 6 күнінде қызмет ететін дүкеннен қажетті заттарын тегін, алуына мүмкіндік бар.


​Шымкентте аптаның 6 күнінде тегін сауда жасайтын дүкен ашылды

Шымкентте мұқтаж жандар үшін "IZGILIK" деп аталатын тегін дүкен ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Ізгілікте жарысайық" қайырымдылық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жағдайы төмен отбасылар мен жетім-жесірлерді азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету мақсатында "IZGILIK" әлеуметтік үйі өз жұмысын бастады.

Дүкенге қарапайым халық киім-кешек, азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізіп береді. Мұқтаж жандар аптаның 6 күнінде ашық тұратын дүкеннен қажетті заттарын тегін, алуына мүмкіндік бар. Өзімен бірге жеке куәлігін, әлеуметтік аз қамтылатын топ екендігін анықтайтын құжатын алып келсе болғаны. Дүкенің ішкі шарты бойынша әр адамға тек бір киімнен алуға рұқсат етіледі.
«Бүгін біз жалпы 50-ге тарта отбасыға қызмет көрсеттік. Негізгі мақсатымыз осындай игі шаралар арқылы жомарт жандардың қоғамымызда бар екендігін көрсетіп, қайырымды жандарға ой салу. Алдағы уақытта дүкен желілерін аудандардан ашып, ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созуды жоспарлап отырмыз», дейді "Ізгілікте жарысайық" қайырымдылық қоғамдық қорының басшысы Асқар Мәуленов.

Ұлжалғас Әжібаева, көп балалы ана:
- Осындай қайырымдылық бастамасына түрткі болып жатқан жомарт жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Жолдасым құрлысшы жалақысы өте аз. Ал, мен мешітте еден жуамын. Үлкен ұлым студент, бүгінгі беріліп жатқан азық-түліктер, киімдер біз үшін үлкен көмек.