Осындай жәшіктерді басқа орындарға да орналастыру жоспарлануда.
Шымкент тұрғындары үйден шығарған қоқыстарын өздері сұрыптап, арнайы белгіленген жәшікке сала алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарымен айналысатын «Орион Новые Технологии» ЖШС Тәуке хан даңғылы №33 үй ауласындағы қоқыс алаңшасына әр түрлі қоқыс салуға арналған қоқыс жәшігін орнатты.
Аталған серіктестік бұл жобаны өз қаражаты есебінен «Пилоттық жоба» негізінде ұйымдастырған. Мұндағы негізгі мақсат – қала тұрғындары үйден шығарған қоқыстарын өздері сұрыптап, арнайы белгіленген жәшікке салу.
Айта кетейік, алдағы уақытта «Пилоттық жобаның» нәтижесіне орай, осындай жәшіктерді басқа орындарға да орналастыру жоспарланып отыр.