Шымкентте "Ashyq Aspan" халықаралық әуе шарлары фестивалі өтті

0
2 582

"Ashyq Aspan" әуе шарлары фестивалінде 20 мың адамның қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.


Шымкентте

фото Мақсат Шағырбаев

Шымкент қаласында екінші халықаралық "Ashyq Aspan" әуе шарлары фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараға биыл 11 елден 20 команда қатысты.

Өткен іс-шараның ерекшелігі 20 мың адамның қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.

Онда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мерекеге жиналған 20 мың шымкенттіктермен бірге "Қазақстан - Нұрсұлтан" деп үндеу тастап, еліміздің бас қаласының жаңа атауын қолдады.

Сондай-ақ халықаралық «Ashyk aspan» фестиваліне танымал рэп-орындаушысы Назима қатысып, әндерімен мерекені қыздыра түсті.

Ал, 2020 жылы Шымкент қаласы ТМД-нің мәдени астанасы жылына орай, фестиваль ұйымдастырушылары 50-ге жуық команданы алып келуге уәде етті.