Шымкентте ауа-райына байланысты 23 бағытта электр жарығы сөнді

0
640

Қазіргі уақытта қала бойынша 16 авариялық бригада, 11 арнайы техника жұмыс істеуде.


Шымкентте ауа-райына байланысты 23 бағытта электр жарығы сөнді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты 23 бағытта электр жарығының сөнуі орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Энергетика басқармасы мәлімдеді.

Қазіргі уақытта қала бойынша 16 авариялық бригада, 11 арнайы техника жұмыс істеуде.
"ОңтүстікЖарықТранзит" ЖШС мен “ҚуатЖылуОрталық-3” МКК тарапынан апаттық бригадалар ақауларды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Олардың барлығы күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, үздіксіз жұмыс жасауда.
Ақаулар жойылысымен абоненттерге электр энергиясы қайта берілетін болады.