Шымкентте ауыл шаруашылығына қажетті үздік техникалардың таныстырылымы өтті

0
2 553

Көрмеде екі елдің 150-ге жуық өндірушілері ауыл шаруашылығы, жеңіл және тағам өндірісі тауарлары қойылды.


Шымкентте ауыл шаруашылығына қажетті  үздік техникалардың таныстырылымы өтті

Бүгін Шымкенттегі Көрме орталығында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы алғашқы өңіраралық форумы аясында өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тауарларының көрмесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасар Асқар Мамин мен бірқатар өңір басшылары қатысқан көрмеде екі елдің 150-ге жуық өндірушілері ауыл шаруашылығы, жеңіл және тағам өндірісі тауарлары, энергия үнемдеу идеялары, жиһаздар мен ағаштан жасалған бұйымдар, құрылыс материалдары, тұрмыстық химия мен фармацевтикалық препараттары ұсынылды.

Әсіресе ала тақиялы ағайынның тоқыма өнеркәсібіндегі соңғы техникалар мен жетістіктер көпшілік назарына ұсынылды. Шымкенттік кәсіпкерлер олардың өзіндік құны қолжетімді текстиль өнімдеріне қызығушылық танытты.

Мұнан бөлек, еліміздегі электр энергетикасы, электр машина жасау және құрылыс салу саласында әрекет ететін 30-дан астам кәсіпорындар мен зауыттардың басын қосқан «Alageum Electric» компания өз өнімдерін өзбекстандық инвесторлар назарына ұсынды.

Көрмеде бау-бақша өнімдерін өндіруде көшбасшылардың біріне айналған Өзбекстанның ауыл шаруашылығына қажетті соңғы үлгідегі техникалары көптің көңілінен шықты. Өз кезегінде еліміздің осы саладағы жетекші кәсіпорындары көршілердің «UZ AGROTEXMASH», «Шыршық», «i38» тракторлары, «TTZ-LS» мақта жинаушы тракторларының өндірістік қуаттылығымен танысты.

Анығында мұндай көрменің өтуі қос елдің сауда айналымын одан әрі дамытуға серпін берері анық.

Екі ел арасындағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласындағы көрменің соңы сала басшылары қатысқан алқалы жиынға ұласты. Мұндай көрменің өтуі қос елдің сауда айналымын одан әрі дамыта түспек.