Шымкентте «Автокөлігіңді өрттен сақта!» атты рейд өтті

0
882

Қазіргі таңда шығатын өрттің негізігі себептері – автокөлік құралдарындағы электр сымдарының қысқаша тұйықталуы және автокөліктің техникалық жағдайы.


Шымкентте «Автокөлігіңді өрттен сақта!» атты рейд өтті

Шымкентте автокөліктердегі өрттерді азайту және алдын алу мақсатында рейд жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің, жол-патрульдік полиция қызметкерлері, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы жастарымен бірлесіп, Ташкент тас жолы бойында рейд жүргізілді.

Рейд барысында жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен жеңіл автокөліктер мен қоғамдық көліктер тоқтатылып, «Jas Otan» Жастар қанаты жастарымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Жүргізушілермен жүргізілген профилактикалық әңгімелесуде ТЖ бөлімінің қызметкерлері автокөлікте өрт болған кездегі іс-әрекет тәртібін айтып жеткізді. Сондай-ақ, көлік құралдарындағы өрттердің негізгі себептерін түсіндіріп, автокөлік иелеріне автокөліктердегі өрт қауіпсіздік қағидалары туралы жадынама таратты.

Бұл іс-шараның мақсаты – жүргізушілерді мүмкіндігінше көбірек қамтып, оларға автокөліктегі өрттің қауіптілігін жеткізу. Айта кетейік, қазіргі таңда шығатын өрттің негізігі себептері – автокөлік құралдарындағы электр сымдарының қысқаша тұйықталуы және автокөліктің техникалық жағдайы екен.