Шымкентте автокөлік иелеріне қызмет көрсететін ХҚО-ғы ашылды

0
2 519

Шымкент қаласында жаңа "автоцон" ашылды. Алайда, онда жүргізуші кәуілігінің түрлі санатын алып, медециналық тексеруден өте алмайсыз.


Шымкентте автокөлік иелеріне қызмет көрсететін ХҚО-ғы ашылды

Шымкентте жаңадан ашылған екінші мамандандырылған ХҚО-да көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласында екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д.Жумин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев және қалалық полиция басқармасының бастығы Е.Жұмаханбетов қатысты.

Бүгінде жаңа мамандандырылған ХҚО-да 52 қызметкер жұмыс істейді. Онда құжаттарды қабылдау 20 орын және дайын құжаттарды беру бойынша 4 орын қарастылыған. Сондай-ақ 150 автокөлікке арналған тұрақ және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар мен шақырту түймелері қарастырылған.

"Бүгін орталық базасы толықтай жүйеге іске қосылған. Орталық күніне 700-800-ге жуық құжат қабылдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, құжаттарды қабылдау 20 орын берілсе, дайын құжаттарды беруге арнайы 4 орынды ұсынып отырмыз", дейді 2-ші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Дәулет Бейсенбеков.

Екінші мамандандырылған ХҚО ғимаратында A, A1, B, B1, C, C1, D, D1 жүргізуші категориялары бойынша практикалық емтихан тапсыру, медициналық тексерістен өту қызметтері қарастырылмаған. Аталған қызметтерді Достық шағын ауданында орналасқан мамандандырылған ХҚО-да ғана жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкенттегі алғашқы мамандандырылған ХҚО арқылы азаматтарға 45 мың жүргізуші куәлігі берілді және автокөлікті қайта тіркеу бойынша 200 мыңнан астам қызмет көрсетілді.