Шымкентте аялдама өртеніп кетті

0
1 291

Тілсіз жау Шымкенттегі аялдаманың бірін жалмады.


Шымкентте аялдама өртеніп кетті

Шымкент қаласы Темірлан тас жолы бойында орналасқан аялдаманың шатырынан өрт шыққан, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"2019 жылғы 10 маусымда сағат 22.32-де шұғыл кезекшілердің басқару пультіне Темірлан тас жолы бойында өрт туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнында анықталғаны «Тойота Орталығы» автосалонға қарама-қарсы тұрған аялдамада көлемі 2 шаршы метр пластик шатыры жанған. Сондай-ақ, көлемі 5 шаршы метр темір будканың ішінде оттың салдарынан 3 тоназытқаш, темір есік, 1 ағаш үстел жарамсыз болған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ,"- деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Тілсіз жау сағат 22.42-де оқшауланып, сағат 22.56-да толық сөндірілген. Қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 14 адам, 3 техника, Медицина апаттар орталығы мен Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған.