Шымкентте әзірге қоғамдық тамақтану және діни орындары ашылмайды

0
1 606

Мегаполисте вирус жұқтырғандар саны күн санап артуда.


Шымкентте әзірге қоғамдық тамақтану және діни орындары ашылмайды

Шымкентте қоғамдық тамақтану және діни орындар ашылмайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді.

"Өздеріңізге белгілі, 11 мамырдан бастап қоғамдық көліктер жұмысқа кіріскен. Қалада халыққа қызмет көрсететін барлық қоғамдық көліктердегі азаматтар толықтай сринигтен өткізу жоспарланып отыр. Біз осылай қаладағы жағдайға байланысты, халыққа бірінші қызмет көрсететін орындарды кезең-кезеңімен жаппай скрнингтен өткізетін боламыз." ,- деді Е.Садыр.

Арнайы бекітілген жоспарға сәйкес 11, 18, 25 мамырда әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеңілдету шараларын қарастырған болатын. Ербол Садырдың мәліметінше, қоғамдық тамақтану орындары мен діни орындарды ашу жөніндегі жоспарларды қарастырған.

Алайда, Шымкентте бұл нысандардың есігі халық үшін ашылатындығына рұқсат берілген жоқ. Өйткені, вирус жұқтырғандары саны күн сайын өсіп отыр.

"Сондықтан, Шымкентте 11 мамырда бекітілген шектеулер төңірегінде ғана жұмыс жасайтын боламыз", - деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында 183 пациент коронавирустан сауығып, үйлеріне шығарылды. Стационарларда барлығы – 216 адам коронавирустық инфекциямен ауруханада жатыр, оның ішінде 150 науқаста симптомсыз жағдай.
Сондай-ақ, қауіп тобындағы контингентке жоспарлы тестілеу жүргізіледі, оларға медициналық қызметкерлер және COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер, созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған тұлғалар жатады. 16552 адамнан тұратын тестілеуге арналған контингент анықталды.