Жүлде қоры – 22 700 000 теңге.
20 наурыз күні Шымкент ипподромында ұлттық ат спортының басты додаларының бірі – Бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтереді.
Бұл айтулы жарысты Бәйге Федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Шымкент қаласы әкімдігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырады.
Жүлде қоры – 22 700 000 теңге.
Құнан бәйге
Топ бәйге
Аламан бәйге
Ұшқыр бәйге
Чемпионат – бұл тек бәйге жарысы ғана емес, қазақтың байырғы дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын үлкен мереке. Келушілер үшін арнайы шоу-бағдарлама ұйымдастырылады:
* Музыкалық ансамбльдер мен өнерпаздардың концерті
* Дәстүрлі ат спорты ойындары:
Теңге ілу
Аударыспақ
Қыз қуу
Көкпар
Конкур
Бұл күн – ұлттық спортты, қазақы рухты және тарихи мұраны бір арнаға тоғыстыратын ерекше шара болмақ. Ат спорты мен бәйгенің жанкүйерлерін бұл дүбірлі додаға шақырады.
Күні: 20 наурыз 2025 жыл
Басталуы: 9:30
Бәйге жарысының старт уақыты: 12:00
Өтетін орны: Шымкент қаласының ипподромы