​Шымкентте балабақшамен қамту деңгейі 87 пайызға жетті

0
1 232

Сала мамандарының айтуынша бұған «Балапан» бағдарламасы аясында қол жеткізіліпті.


​Шымкентте балабақшамен қамту деңгейі 87 пайызға жетті

ERNUR.KZ.Шымкент қаласында мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту 87 пайызға жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Сала мамандарының айтуынша бұған «Балапан» бағдарламасы аясында қол жеткізіліпті.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында биыл екінші жыл қолға алынған бүлдіршіндерді балабақшаға электронды түрде қабылдау тәсілі жоғары дәрежеде жүрізілуде.

Жалпы Шымкент қаласында 459 балабақша жұмыс істейді. Соның 351-і жеке меншік. Өткен жылдың өзінде 80 жекеменшік балабақша ашылған. Кәсіпкерлердің арқасында мектеп жасына дейінгі балаларды бақшамен қамту пайызы өсіп отыр. Жалпы кезекте 39 мың бала бар. Сала мамандарының айтуынша, 2019 жылға дейін кезек мәселесі толық шешімін табуы тиіс.

Қала тұрғыны Айдана Елтай баласын электронды кезекке қойған. Нәтижесіне көңілі толып отыр. Сөзіне сенсек, баланың жасына сай топта орын табылып, бірден №24 «Алма» бақшасына келіпті. Табалдырық тоздырмай, қалаған мектепке дейінгі мекемеге жодама алғанына риза.

Естеріңізге салар болсақ, білім бөліміндегі электронды жүйе биыл екінші жыл жұмыс жасап жатыр. Оң нәтиже беріп отырғанын тек ата-аналар ғана емес, бақша меңгерушілері де растап отыр.