4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар өздерінің таңдауы бойынша спорт секцияларында тегін жаттыға алады.
Шымкент қаласында балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл тапсырыс аясында, кәсіпкерлер мемлекет есебінен спорттың 71 түрі бойынша қаржыландырылып, 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар өздерінің таңдауы бойынша спорт секцияларында тегін жаттыға алады.
Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған балаларға мемлекеттік бюджет есебінен спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік беретін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында жүзеге асып отыр.
Егер мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасағыңыз келсе жеткізушілер тізіліміне қосылу үшін https://artsport.edu.kz порталына тіркеліңіз.