Шымкентте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қала бюджетінен 300 млн теңге бөлінді

0
1 023

Оның ішінде, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген.


Шымкентте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қала бюджетінен 300 млн теңге бөлінді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін қала бюджетінен 300 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2022 жылдың жаз айында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аз қамтылған отбасының балаларына қала сыртындағы жазғы сайықтыру лагерлеріне тегін жолдама беріледі.

Қалалық білім басқармасының дерегінше, биыл Шымкентте 186 634 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 88 пайызын құрайды.

Балаларды сауықтыру, жетілдіру, дамыту және бос уақытты тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы лагерлерде демалдыру үшін қала бюджетінен 300,0 млн. теңге қаралған. Оның ішінде, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген. Аталған қаржыға жалпы орта мектептерінен аз қамтылған 7 241 бала, балалар үйінің 147 баласы және дарын мектептерінің 260 баласы қала сыртындағы лагерлерде демалатын болады. Одан бөлек ата-аналар есебінен 27 655 бала демалатын болатын болады.

Аз қамтылған отбасының балаларына жолдама беру ҚР БҒМ 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығымен бекітіліген мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының талаптарына ХҚО және egov порталы арқылы онлайн форматта қабылдануда.

Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 130 мектепте сауықтыру бағытында 151 331 оқушыны түрлі үйірмелер және спорт секцияларымен қамту жоспарланған.

Сонымен қатар, жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы мәдениет саласы 12 000, спорт саласы 14 000 баланы жеке кәсіпкерлер арқылы балалардың қызығушылыға қарай үйірмелерге қатыстыруда. Бұл жаз бойы жалғасын табатын болады.

Одан бөлек, басқармаға қарасты 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтарында тегін үйірмелер ашылып, мәдени іс-шаралар өткізілетін болады. Сонымен қоса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстың тарихи-мәдени орындарына экскурсиялар өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен оқушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында білім беру ұйымдарында жазғы мектеп жұмысы қолға алынды. Жазғы мектеп 2022 жылдың 26 мамыр – 17 маусым аралығында ұйымдастырылды. Оған 1-10 сыныптағы білім алушылар, 9-сынып бітірушілері өз қалаулары бойынша қатыса алады.

Жазғы мектеп жұмысына бүгінгі таңда 143757 оқушы қамту және жалпы алғанда қаладағы оқушылардың 77,12%-ы жазғы мектепке қатысады деп жоспарланған.